
2027 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын лицензиялау басталады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2025 жылғы 27 қарашадағы № 268 бұйрығына келісе, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілді. Дайындық жұмыстары аясында 2026 жылғы 30 қаңтарда Департамент қызметкерлері Қостанай қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерімен лицензиялау нормалары мен біліктілік талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді.