Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебі» КММ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебі» КММ

2025 жылдың 2-6 маусым аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.

Аттестаттау комиссиясының шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебі» КММ мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру деңгейі бойынша «аттестатталмады», орта білім беру деңгейі бойынша «аттестатталмады» деген қорытынды берілді.