2025 жылдың 10-13 маусымы аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданы білім бөлімнің Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданы білім бөлімнің Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданы білім бөлімнің Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келгендіктен "аттестатталды" деген қорытынды берілді; орта білім беру бойынша білім беру қызметі Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмады» деген қорытынды берілді.