Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі»   КММ мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы

2025 жылдың 14-18 сәуір аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі»  КММ мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.

Аттестаттау комиссиясының шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келеді, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру деңгейі бойынша «аттестатталды», орта білім беру деңгейі бойынша «аттестатталмады» деген қорытынды берілді.