Жайлы мектеп - білім саласындағы ең ірі жоба

Жайлы мектеп - білім саласындағы ең ірі жоба

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша білім беру саласындағы Оқу-ағарту министрлігі жайлы мектептер салу бойынша ірі жобаны іске асыруда.

         Биылғы оқу жылында Қостанай облысында 4 жайлы мектеп жұмыс істейді, онда 2,5 мыңға жуық оқушы оқиды, оның 700ауылдық жерлерде. Жаңа мектептерде білім алушылардың қабілеттерін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: кіші және ересек оқушыларға арналған бөлек блоктар, ең үздік заманауи құралдармен жабдықталған оқу кабинеттері. Шет тілдерін үйрену үшін лингафондық сыныптар жабдықталған, оқушының зерттеу дағдыларын дамыту үшін химия, биология, физика, информатика, робототехника, STEAM-зертханалары ұсынылған.

         Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы оқу жылының басында облыста тағы екі жайлы мектептің құрылысы аяқталады, оның біреуі ауылдық жерде орналасқан, оларда 1600-ге жуық оқушы оқиды. Қазірдің өзінде әрбір оқушы, жайлы мектептің әрбір ата-анасы мемлекеттің ел болашағына қосқан елеулі үлесін мойындайды.

         Жобаны табысты іске асырудың білім беру саласы үшін стратегиялық маңызы да бар: әлемдік стандарттардың сын-қатерлеріне сәйкес оқушыларымыздың табысқа жетуі үшін бірегей жағдайлар жасалуда.