
2025 жылғы 10 желтоқсанда Департаменттің лицензиялық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 21 гимназиясы» КММ жалпы орта білім деңгейлері бойынша, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК 07320300 Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері мамандығы бойынша лицензияға қосымшалар беру туралы мәселесі қаралды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 21 гимназиясы» КММ жалпы орта білім деңгейлері бойынша, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК 07320300 Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері мамандығы бойынша лицензияға қосымша беру туралы оң шешім қабылданды.