Білім беру ұйымдарының лицензиясы мен лицензияға қосымшаларын қайта ресімдеу

Білім беру ұйымдарының лицензиясы мен лицензияға қосымшаларын қайта ресімдеу

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгеріс енгізілуіне байланысты облыстың  білім беру ұйымдарында лицензиялар мен лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және жеке меншік орта білім беру ұйымдарының лицензиялары мен оларға қосымшаларды қайта ресімделді.

2025 жылдың 14 сәуiрiнен 20 маусымына дейiнгi кезеңде лицензияларды қайта ресiмдеу рәсiмi мемлекеттік бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында жүргізіледі.

Қайта ресімдеу рәсімінің өткізілуі туралы ақпарат білім бөлімдері басшыларының назарына жеткізілді.

Қайта ресімдеу рәсімі кестеге сәйкес аудандар бойынша жүргізіледі.