2025 жылдың 10 сәуірінде Департаментте тексерулерді тіркеуді есепке алу жөніндегі заңнама талаптарының сақталуы бойынша құқықтық оқыту өткізілді. Құқықтық оқыту барысында Департаменттің мемлекеттік қызметшілері тексерулерді тіркеуді есепке алу жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен жүргізілген тексеріс қорытындысына талдау жасалды.
Оқыту кезінде Департамент қызметкерлеріне қолданыстағы заңнама және тексеру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ «Е-өтініш», «ТСОБТ», «Құжатшы» ақпараттық жүйелерінде тексерулерді есепке алу және тіркеу бойынша заңнамалық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлу керектігі атап өтілді. Құқықтық оқыту барысында тексерулерді жүргізу кезінде заңнаманың талаптарын бұзбау, сонымен қатар тексеру рәсімдерін толық әрі дұрыс тіркеу міндеті баса айтылды. Бұл шаралар Департаменттің қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырып, заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.