МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2023 жылға 149 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланды, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында - 39 (мемлекеттік-33, жеке меншік-6), орта білім беру ұйымдарында - 75 (мемлекеттік-67, жеке меншік-8), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында - 35 (мемлекеттік-25, жеке меншік-10).

149 білім беру ұйымының 2 білім беру ұйымында (1 бастауыш мектеп, 1 мектепке дейінгі ұйым) Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы негізінде ұйымның таратылуына байланысты мемлекеттік аттестаттау өткізілмеген.

2023 жылдың соңында мемлекеттік аттестаттау 147 (100%) білім беру ұйымдарында, оның ішінде 38 (100%) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында, 74 орта білім беру ұйымдарында (100%), 35 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (100%) өткізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 38 ұйымының 10-ы (мемлекеттік- 6, жеке-меншік-4) немесе 26,0% бірінші рет аттестаттау комиссиясының оң қорытындысын алды, 28 (мемлекеттік-26, жеке-меншік-2) немесе 74,0% аттестатталмады.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өтпеу себептері:

- мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының талаптарын бұзу, жас бойынша топтардың толымдылығының сәйкес келмеуі бөлігінде;

- педагог лауазымын атқаратын лауазымы бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі жоқ тұлғалар атқаруында;

- педагогтердің біліктілік санаттарының деңгейін уақтылы көтермеу/растау;

-оқу-тәрбие процесінің перспективалық жоспарлары мен циклограммалары тәрбиеленушілердің жасын ескерусіз әзірленген.

74 орта білім беру ұйымының 6-ы (мемл. - 5, жеке- меншік-1) немесе 8,1% бірінші рет аттестаттау комиссиясының оң қорытындысын алды; 68-і (мемлекеттік-61, жеке-7) немесе 91,9% аттестатталмады.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өтпеу себептері:

- біліктілік талаптарын бұзу, атап айтқанда edu.kz аймақта үшінші деңгейдегі домендік атаудың, бастауыш сынып оқушыларының жеке пайдалануына арналған шкафтардың болмауы, біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеуі, педагогтердің сапалық құрамы белгіленген нормадан төмен болуы, тиісті бейін бойынша арнайы педагогикалық білімі жоқ тұлғалар педагогикалық қызметпен айналысуға жіберілгені;

- МЖМС талаптарын бұзу: «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері», «Жол қозғалысы ережелері» оқу курстары толық көлемде іске асырылмаған;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім беру талаптары орындалмайды (бейімделген оқу бағдарламалары ұсынылмаған, ПМПК қорытындысымен ұсынылған білім алушылармен түзету жұмыстары ұсынылмаған және т. б.);

- жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау нәтижелері МЖМС талаптарына сәйкес келмеуі (рұқсат етілген нормаға сәйкес келмейді, яғни 40% - дан төмен).

35 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 12-і (мемл.-8, жеке-меншік-4) немесе 34,3% бірінші рет аттестаттау комиссиясының оң қорытындысын алды, 23 (мемлекет-17, жеке-меншік-6) немесе 65,7% аттестатталмады.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өтпеу себептері:

- жұмыс оқу жоспарларында факультативтік сабақтар бойынша сағат саны аптасына 4 сағаттан асып кеткен;

- жұмыс оқу жоспарының жекелеген пәндері мен модульдері бойынша жұмыс оқу бағдарламалары әзірленбеген;

- жекелеген пәндер мен модульдер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының сағаттары оқу жұмыс жоспарының сағаттарына сәйкес келмейді;

- жұмыс оқу жоспарында «дене шынықтыру» пәні бойынша сағаттар саны аптасына 4 сағаттан аз уақытты құрайды;

- жұмыс оқу жоспарларында емтиханға шығарылатын жалпы білім беретін пәндерді таңдау кезінде аралық аттестаттау бұзушылықпен жоспарланған;

- оқу жұмыс жоспарларында оқу жылына міндетті оқуға арналған оқу уақытының көлемі сәйкес келмейді.

Бұдан басқа, 2023 жылы 96 білім беру ұйымдарында қайта аттестаттау өткізілді, оның ішінде 2022 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өткен 59 (21 - МдББ, 33-ЖББМ, 5 - ТжКББ) білім беру ұйымдарында және ағымдағы 2023 жылы өткен 37 (8 - МдББ, 6 - ЖББМ, 23 - ТжКББ) білім беру ұйымдарында.

Қайта аттестаттау қорытындысы бойынша 6 орта білім беру ұйымдары қайта аттестатталмады, оның 2-уі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді, 4-уі екінші жартыжылдықтың бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізіледі.

ҚР МЖМБС талаптарын бұзушылықтарды жоймау себептері: білім алушылардың жеке пайдалануына арналған тамақтану объектісінің, бастауыш білім беру шкафтарының, оқу кабинеттеріне арналған оқу-зертханалық жабдықтардың, санитарлық нормалар мен ережелерге, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылардың болмауы, тиісті деңгейдегі ҚР МЖМС талаптарына сәйкес сыныптарды кіші топтарға бөлу жүзеге асырылмайды.