
Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен елімізде балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметіне міндетті лицензиялау талабы енгізілді.
Бұл жаңашылдық меншік нысанына және жұмыс кестесіне қарамастан, балаларға білім беру мен сауықтыру қызметтерін көрсететін барлық ұйымдарға қатысты қолданылады.
Лицензиялық талаптар балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Олардың қатарында:
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Департамент тарапынан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Қарағанды облысындағы 2 мемлекеттік маусымдық білім беру-сауықтыру орталығына ресми лицензия берілді.
Аталған орталықтарда жазғы маусым бойы 2 мыңнан астам бала демалысын тиімді өткізіп, сапалы сауықтырумен қамтылды.