2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 17 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде: 3 тексеру - бұрынғы тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы бойынша; 9 тексеру — келіп түскен өтініштер бойынша; 5 тексеру - Қарағанды облысы прокуратурасының талабы бойынша.
Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 14 әкімшілік іс қозғалып, лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында 17 нұсқама берілді, сондай-ақ 12 тәртіптік жаза қолданылды (оның ішінде білім беру ұйымдары - 5, білім беруді басқару органдары - 7).
Жоспардан тыс тексерулер барысында анықталған негізгі бұзушылықтар:
Қазіргі уақытта 14 білім беру ұйымында нұсқамаларда көрсетілген бұзушылықтар толықтай жойылды, бұл ұсынылған тиісті құжаттармен және материалдармен расталады.