«Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» семинар-кездесу өтті

«Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» семинар-кездесу өтті

2026 жылғы 14 мамырда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтында педагогикалық қауымдастықпен семинар-кездесу өтті. Аталған шара Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Семинар «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбына арналды. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен білім беру саласындағы маңызды құқықтық мәселелерге: Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы С.К. Мусин, Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы А.Ж. Букенов, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Олимпиадалық резервті даярлау орталығының басшысы Е.Б. Халилин, «Bolashaq» академиясының ғалым-хатшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пул спикері, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің Салааралық кеңес мүшесі, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі Б.Т. Ахметова кеңінен тоқталып, өз пікірлерін ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, педагогтар тарапынан өзекті сұрақтар қойылды. Қатысушылар білім беру жүйесіндегі құқықтық мәдениетті арттыру бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар білдірді. Семинар жұмысына Кеңес мүшелері, білім беру мекемелерінің басшылары, педагогикалық қауымдастық қатысты.