2026 жылдың 1 тоқсанына мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпарат (апостильдеу)

2026 жылдың 1 тоқсанына мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпарат (апостильдеу)
  • «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсету

 

Қарағанды облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2026 жылдың I тоқсанында апостиль қоюға – 69 өтініш қарастырылды, оның ішінде 9 өтініш бойынша бас тартылды.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартудың негізгі себептері: төлемнің болмауы, жоғары оқу орнының құжаттарын ұсыну.

         60 өтініш  қанағаттандырылды, оның ішінде  техникалық және кәсіптік білім туралы диплом-15, жалпы орта білім туралы аттестаттар-19, негізгі орта білім туралы аттестаттар-11, табель-1, басқа құжаттар-14. 

Шет елдерге бару бойынша жеке тұлғалардың білімі туралы құжаттарына апостиль қойылды: Германия – 13(21,6%), Корея – 11(18,3%), Италия – 8(13,3%), Чехия-6(10%), Словения – 5(8,3%), Австрия – 4(6,6%), Словакия – 3(5%), Беларусь-3(5%), Китай-3(5%), Польша – 1(1,6%), Түркия – 1(1,6%).