Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өңірдегі бірқатар білім беру ұйымдарында жоспарлы қайта аттестаттау жұмыстары жүргізілді. Бұл процедура білім беру ұйымдары қызметінің белгіленген стандарттар мен нормаларға сәйкестігін тексеруге бағытталған.
Қайта аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымдарының тізімі:
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында қайта аттестаттау келесі білім беру ұйымдарында (ББҰ) өтті:
- Қарқаралы ауданы: №21 ЖББМ, №6 ЖББМ, №20 ЖББМ, №5 ЖББМ, №19 ЖББ ТМ (РО).
- Қарағанды қаласы: «Озат» ММИ, «AZMAR» ЖШС, №22 МИ, №91 ЖББМ.
- Теміртау қаласы: №8 ЖББМ, №12 ЖББМ.
- Нұра ауданы: Талжанов ат. ЖББМ, Қарақойын ЖББМ, Абай ат. Шұбаркөл ЖББМ.
- Абай ауданы: Қ.Аманжолов ат. ЖББМ.
- Ақтоғай ауданы: «Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай» кешені ТМ (РО).
- Бұқар Жырау ауданы: Үміткер ЖББМ.
Қайта аттестаттау — бұл әрбір білім беру ұйымы жұмысының негізгі бағыттарын сараптайтын сыртқы мониторингтің маңызды кезеңі:
- Білім беру бағдарламасы: оқу жоспарларын талдау және пәндердің оқытылу сапасын тексеру.
- Кадр құрамын бағалау: педагогтар құрамының біліктілігі мен санаттарын бағалау.
- Материалдық база: сыныптардың жабдықталуын, компьютерлік техника мен кітапхана қорын тексеру.
- Қауіпсіздік: оқу жағдайларының санитарлық және өртке қарсы талаптарға сәйкестігін зерделеу.
Фото: ЖИ арқылы жасалған