2026 жылғы 1 тоқсандағы білім беру жүйесіндегі субъектілерге (объектілерге) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу қорытындысы туралы ақпарат

2026 жылғы 1 тоқсандағы білім беру жүйесіндегі субъектілерге (объектілерге) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу қорытындысы туралы ақпарат

Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2026 жылдың 1 тоқсанында бекітілген жоспарға сәйкес профилактикалық бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Есепті кезеңде келесі білім беру ұйымдарында профилактикалық бақылау жүргізілді:

  • «№42 негізгі орта мектебі» КММ (Қарағанды қаласы);
  • «Бұқар жырау негізгі орта мектебі» КММ (Бұқар жырау ауданы).

Бақылаудың негізгі мақсаттары: Профилактикалық бақылау барысында білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (МЖМБС) сәйкестігі, педагогтердің біліктілігі, оқу-әдістемелік базаның жай-күйі және оқушылардың білім сапасы зерделенді.

 

 

Фото: ЖИ генерациясы