
Бүгін, 25 қараша күні, Департамент басшысы Санат Кабиденович Мусин 2025 жылғы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша білім сапасын қамтамасыз етудегі жемісті еңбегі үшін Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарын - №81 жалпы білім беретін мектебі, №2 лицейі, Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі және Теміртау қаласының №27 жалпы білім беретін мектебі ұжымдарын құттықтады.
Департамент басшысы алғыс хаттарды табыстап, ұжымдарға шығармашылық табыс пен жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі еңбектеріне жаңа серпін тіледі.