Қарағанды ​​облысындағы 5 мектеп «100 үздік мектеп» тізіміне енді

Қарағанды ​​облысындағы 5 мектеп «100 үздік мектеп» тізіміне енді

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Үздік мектеп – 2025» жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім беру ұйымдарының арасында үздіктер анықталып, марапаттау рәсімдері өткізілуде. Осы орайда, Қарағанды облысынан келесі білім ошақтары «Үздік мектеп – 2025» тізіміне енді:

* Қарағанды қаласының “№1 Гимназиясы” КММ

* Қарағанды қаласының “№2 лицейі” КММ

* Балқаш қаласының “Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ

* Шахтинск қаласының “Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы” КММ

* Шахтинск қаласының “Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі” КММ.

Бұл марапат – мектеп ұжымдарының қажырлы еңбегінің, педагогтердің кәсібилігінің және оқушылардың білімге деген ынтасының нақты дәлелі. Қарағанды облысы бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері әр мектепке арнайы барып, ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы атынан берілген «Үздік мектеп – 2025» құттықтау хаттарын табыстады. 2024–2025 оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, департамент мектеп әкімшілігіне, ұстаздар қауымына, ата-аналарға және оқушыларға алғысын білдіреді. Болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектеріңіз жана берсін! Сапалы білім мен үздік тәжірибе – еліміздің жарқын болашағының кепілі.