Қарағанды облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы табысты іске асырылуда

Қарағанды облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы табысты іске асырылуда

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы табысты іске асырылуда. Жоба аясында 2023 жылдан бастап өңірде апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу, оқушы орындарының тапшылығын азайту және халықаралық стандарттарға сай білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыста төрт жаңа жайлы мектептің құрылысы аяқталды. Оның ішінде екі мектеп өз есігін ашып, білім беру қызметін бастады. Бұл оқу орындары кең әрі жарық сыныптармен, заманауи зертханалармен, спорт залдарымен, асханалармен және демалыс аймақтарымен жабдықталған.

Барлық мектептер бірыңғай стандартқа сай салынып, оқушыларға қауіпсіз және қолайлы ортада сапалы білім алуға толық мүмкіндік беруде. «Жайлы мектеп» жобасы – еліміздің білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам.