
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде алғаш рет Атырау облысында «Әдеп жөніндегі уәкіл мектебі» іс-шарасы өткізілді.
Аталған шара, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Атырау филиалымен бірлесе отырып өткізілді.
Бұл тұста, шараның мақсаты – коммуникативтік құзыреттілікті дамыту, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, арандатушылықтарды тану әдістеріне оқыту, сондай-ақ, блогерлермен сындарлы диалог стратегияларын қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің беделін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н. Жахин шараны ашып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Н. Еркебаев және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Атырау филиалының директоры Е. Ғабдығапаров алғы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының қоғаммен байланыс сектор меңгерушісі А. Мадибекова этикалық тәуекелдер, шағымдарды қарау рәсімдері, мүдделер қақтығысын шешу және дербес Әдеп жөніндегі уәкілі Ф. Ахметовамен барлық Әдеп жөніндегі уәкілдерге қолданыстағы заңнама аясында талаптарды сақтау жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Кәрім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңының жобасына Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі мен функциясын жетілдіру жөнінде өз ұсынысын білдірді.
Шара соңында, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптары беріліп, сертификаттар табысталды.