Атырау облысында білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

Атырау облысында білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылғы 9–15 шілде аралығында мемлекеттік білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторингтің ІІ кезеңін жүргізді.

Мониторинг Атырау облысының Махамбет, Жылыой, Мақат, Исатай және Құрманғазы аудандарындағы бірқатар білім беру ұйымдарын қамтыды. Атап айтқанда, «Талдыкөл орта мектебі», «О. Шонаев атындағы орта мектебі», «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі», «Жалғансай орта мектебі», «Д. Төленов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі», «Абай атындағы жалпы орта мектебі», «Сүйіндік жалпы орта мектебі», «Еңбекші жалпы орта мектебі», «Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі», «Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектебі», «Муса Баймұханов атындағы орта мектебі», «Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі», «№1 жалпы орта білім беретін мектебі», «№2 жалпы орта білім беретін мектебі», «Сүлеймен Қарабалин атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебі», «Жұмабай Мырзағалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі», «Мектеп-гимназия» және «Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі» зерделенді.

Мониторингтің негізгі мақсаты – мемлекеттік мектептердің жаңа оқу жылына сапалы дайындығын бағалау, білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың орындалуын зерделеу.

Іс-шара барысында білім беру ұйымдарының жалпы жай-күйі, жаңа оқу жылына дайындық деңгейі, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету шаралары қаралды. Сонымен қатар, мектептерде жүргізіліп жатқан ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының барысы, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі мен жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ инженерлік-техникалық қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйі, интернет желісінің қолжетімділігі, оқу кабинеттерінің, спорт және акт залдарының, асханалардың, кітапханалардың, санитариялық тораптардың жаңа оқу жылына дайындығы зерделенді.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған мәселелер бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті ұсынымдар берілді. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін анықталған кемшіліктерді жою және мектептердің талаптарға толық сәйкестігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына сапалы дайындығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайды.