
Жоспарлы жұмыстардың аясында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Кәрім 2026 жылдың 29 мамыр күні Исатай ауданында іс сапарда болып, білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру – мемлекеттік қызмет жүйесіндегі басым бағыттардың бірі болып табылатынын, осы ретте Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы № 153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің тікелей міндеті болып саналатына тоқталды.
Аталған Жарлықтың 10-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, жеке және қоғамдық ортада өз мінез-құлқымен үлгі болуға тиіс. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтерді алу барысында өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетуге, оны жеке мүддесіне пайдалануға қатаң түрде жол берілмейтінін атады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 11.05.2020 жылғы «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» № 190 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын заң талаптарына сәйкес ұйымдастырып, осы бағытттағы жұмысты жандандыру керектігін айтып өтті.
Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі уәкіл бөлім қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, бірлесіп атқаратын жұмыстарды талқылады.