
2026 жылдың 2 ақпан күні Департамент басшысы Б. Таишев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауда Атырау қаласының тұрғыны Г.Т. Дайрабаева болды.
Г.Т. Дайрабаева «Дефектология» мамандығы бойынша білім беру ұйымына жұмысқа орналасу тәртібі туралы түсінік сұраған болатын.
Департамент басшысы «Білім туралы» Заңына және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасап түсінік беріп,
Г.Т. Дайрабаеваға Департаментке аталған мәселесі бойынша жазбаша өтініш қалдыруын және ресми жауап беретінін ескертті.
Азаматтардың өтініші негізінде көтерілген мәселелерді Департамент өз құзыреті шегінде қарап, мерзімінде жауап берілуін үнемі бақылауда ұстайды.