ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

     Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Талғатұлының 20.01.2026 жылғы № 03-1-03/414-И хаты негізінде, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Кәрім ұжымдағы мемлекеттік қызметшілермен дөңгелек үстел ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Өз кезегінде, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге материалдық сыйақыларды, сыйлықтарды қабылдауға тыйым салынғандығын, сондай-ақ, білместікпен келіп түскен сыйлықтарды уәкілетті органға тапсыру тәртібі белгіленгенін атап өтті.

   Дөңгелек үстел барысында, сыйлықтарды қабылдауға қойылатын шектеулер, білмей алынған сыйлықтарды тапсыру тәртібі, заң талаптарын бұзудың салдары туралы айтылып, практикалық жағдайлар мен сұрақтар талқыланады.

    Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру – мемлекеттік қызмет жүйесіндегі басым бағыттардың бірі болып табылатынын, осы ретте Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы № 153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің тікелей міндеті болып саналатына тоқталды.

   Аталған Жарлықтың 10-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, жеке және қоғамдық ортада өз мінез-құлқымен үлгі болуға тиіс. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтерді алу барысында өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетуге, оны жеке мүддесіне пайдалануға қатаң түрде жол берілмейді.

    Сонымен қатар, Департамент басшысы Б. Таишев Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеттерінің бірі  мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын түсіндіру, алдын алу шараларын жүргізу және әдеп талаптарының сақталуына ықпал ету болып табылатынын және Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Кәрімге алдағы уақытта да түсіндіру кездесулері, дөңгелек үстелдер, жеке консультациялар ұйымдастырып, қызметкерлерге әдеп нормаларын сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсету бағытында жоспарлы, жоспардан тыс жұмыстар ұйымдастыру керектігіне тоқталды.