ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ

Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Конкаева Жанна Батыргалиевна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің атынан білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Аталған төсбелгі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әшіров Серік Кенесұлы тарапынан салтанатты түрде табысталды.

Бұл марапат Жанна Батыргалиевнаның білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесін, кәсіби шеберлігі мен көпжылдық адал еңбегін жоғары бағалаудың көрінісі болып табылады.

Әріптестері атынан Конкаева Жанна Батыргалиевнаны шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметінде табыс, толағай жетістіктер және жаңа белестер тілейміз.