Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алғыс хат табыстады

Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, Білім басқармасының баспасөз қызметіне және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы филиалының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады.

Бұл — білім беру саласындағы жаңалықтар мен реформаларды насихаттауға, ашықтық пен сапаны арттыруға қосқан қомақты үлеске берілген жоғары бағалау.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, баспасөз қызметі мен әдістемелік қолдау ұйымдарының бірлескен жұмысының арқасында білім беру ұйымдары мен қоғам арасындағы байланыс нығайып, өзара сенім артып келеді.

Осындай ынтымақтастық — сапалы білім беру жолындағы маңызды қадам. Бірге алға басып, өскелең ұрпаққа жарқын болашақ қалыптастырамыз!