Атырау облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Таишев Бердібек Еркінбекұлы және департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Сәлімгерейқызы Айжан 2025 жылғы 29-30 мамыр күндері Махамбет және Исатай аудандарына іссапармен барды.
Іссапар барысында білім беру ұйымдарындағы Әдеп жөніндегі кеңес төрағаларымен кездесіп, педагогикалық әдеп, құқықбұзушылықтардың алдын алу және кәсіби жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Махамбет ауданындағы “Арай” лагерінің жазғы маусымда оқушыларды қабылдауға дайындығымен танысып, санитарлық-техникалық жағдайлар мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударды.
Іссапар аясында Исатай ауданында азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындар көтерген мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, тиісті шаралар қарастырылды.