Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларымен лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелері бойынша кездесу өтті

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларымен лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелері бойынша кездесу өтті

2025 жылғы 16 мамыр күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Астана қаласының жекеменшік білім беру ұйымдарының өкілдерімен онлайн-кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі тақырыбы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының лицензия және/немесе лицензияға қосымшасын қайта ресімдеу мәселелері. Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы қайта ресімдеудегі негізгі мәселелерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті талқылаулар өткізді.