Мемлекеттік награда иегерлерімен кездесу өткізілді

Мемлекеттік награда иегерлерімен кездесу өткізілді

Астана қаласында 2021 жылы алғаш рет Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы наградасына ие болған - №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің мұғалімі - Гүлназия Сабырқызы Байулова, ал 2023 жылы осы жоғары марапатты иеленген - «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі – Айгүл Тұрғамбайқызы Ержанова.
Барша саналы ғұмырын мұғалімдікке арнап, жүздеген шәкірт тәрбиелеген, еліміздің білім саласына қажырлы еңбегі сіңген осы қадірлі ұстаздармен Астана халықаралық университеті педагогикалық колледжінің студенттері кездесті. Ұстаздық жолының қызығы мен жауаптылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы баяндалып, жастарды толғандыратын сауалдарына тың жауаптар берілді.
Еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімдері ретінде бастайтын болашақ ұстаздарға есте қаларлықтай әсерлі, тәлімдік және тәрбиелік мәні бар, мағыналы кездесу өткеніне сенімдіміз.