2025 жылғы 15 сәуір күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері «Жайлы мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.
Кездесудің негізгі тақырыбы мектепті лицензиялау мәселелері. Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы лицензиялаудағы негізгі мәселелерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті талқылаулар өткізді.