Бүгін жаңа оқу жылына дайындық барысын мониторингтеу шеңберінде N36 мектепте болдық

Бүгін жаңа оқу жылына дайындық барысын мониторингтеу шеңберінде N36 мектепте болдық

Бүгін жаңа оқу жылына дайындық барысын мониторингтеу шеңберінде N36 мектепте болдық. Жаңа ғимаратта өткен оқу жылы 1070 оқушы білім алған. Биылғы оқу жылында N25 мектеп ғимаратының “апатты”деп техникалық қорытынды алуына байланысты оның 1300 оқушысымен осы N36 мектепке көшірілген. Екі мектептің оқу жылына дайындығы қадағаланды. Оқу кестесі, оқушылардың Face ID жүйесінің қосылуы, асхананың әзірлігі, оқу процесінде спортзалды екі мектептің бөлісуі, инклюзия кабинеттері, гардеробтың жұмысы барлығы зерделенді. Жалпы екі мектептің жаңа оқу жылында 1 ғимаратта бірлесіп, ұйымдасып жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалған деп атауға болады.