Астана қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Tamos Space School (Тамос Спэйс Скул)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне білім беру саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру іс-шараларын өткізді. Атап айтқанда, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығының талаптарына сәйкестігі бойынша.
Жүргізілген тексерістің қорытындысы бойынша білім беру ұйымына негізгі орта білім беруге лицензияға қосымша берілді.
Метеп Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 89/1 мекенжайында орналасқан.
Мектеп елорданың үздік мектептерінің бірі болып, білім беру қызметтерін ұсынуда жақсы нәтижелер көрсететініне сенім білдіреміз.