
2026–2027 оқу жылына дайындық бойынша мониторинг жүргізілуде
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, 2026–2027 оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығын бағалау мақсатында мониторингтің бірінші кезеңі 2026 жылғы маусым айында басталды.
Департамент тарапынан мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына бақылау және мониторинг жүргізілуде. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі, интернет желісіне қолжетімділігі, 1-сыныпқа қабылдау жұмыстарының ұйымдастырылуы және инклюзивті білім беру жағдайлары және т.б. зерделенуде.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларының сақталуына ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, бейнебақылау жүйелерінің, турникеттердің, күзет қызметінің және өрт дабылы жүйелерінің жай-күйі қарастырылуда.
Мониторинг аясында жабдықталған оқу кабинеттерінің, спорт залдарының, кітапханалардың болуы, оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, санитарлық тораптардың жағдайы және басқа да инфрақұрылымдық көрсеткіштер бағалануда.
Жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижелері бойынша анықталған мәселелерді жою және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына сапалы дайындығын қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсынымдар берілетін болады