
Департамент басшысы Астана қаласы әкімдігінің "Сервис және туризм" колледжінің "Табиғаттан - кәсіпке: жасыл бастамалар" атты іс-шарасына қатысты. Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, кәсіби бағдарын дамыту және шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті. Осындай іс-шараларға қатысу білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігімен, білім беру қызметінің ұйымдастырылуымен кеңірек танысу мүмкіндігін береді.