Департамент басшысы форумға қатысты

Департамент басшысы форумға қатысты

Бүгін департамент басшысы Астана қаласының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген “БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ БІЛІМ: ТӘЖІРИБЕ, МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ МҮМКІНДІКТЕР” тақырыбындағы халықаралық форумына қатысты. 
Үндістан Республикасының Қазақстандағы елшісі, шетелдік жетекші сарапшылардың қатысуымен инклюзивті білім берудің негізгі аспектілері жан-жақты талқыланды. Аталған білім берудің сапасын арттыру - заман талабы. Қатысушылар мазмұнды шарадан білімін, білігін арттырып, мол тәжірибе алмасқаны сөзсіз.