Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті

2025 жылғы 30 желтоқсан күні Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері 2026 жылғы ақпан, наурыз айларында мемлекеттік аттестаттау тізбесінде тұрған мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Кездесуде білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау жүргізуі мен білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау шаралары мәселелері талқыланды. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің мамандары негізгі мәселелерге, заңнамаларға енгізілген өзгеріс туралы түсіндірме жұмыстарын өткізіп, тиісті талқылаулар өткізілді.