Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауына тартылатын сарапшыларға Департамент қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аттестаттау процесіне қатысатын сарапшылардың кәсіби жауапкершілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету және бағалау рәсімдерінің ашық әрі бірізді жүргізілуін қамтамасыз ету.
Кездесу барысында сарапшылардың негізгі міндеттері мен құқықтары, бағалау критерийлерін дұрыс қолдану жолдары және білім беру ұйымдарының қызметін жан-жақты талдау тетіктері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, білім сапасын бағалауда ашықтық пен әділдік қағидаттарын сақтау, академиялық адалдық мәдениетін нығайту мәселелері де кеңінен талқыланды.
Сарапшылар назарына этикалық мінез-құлық қағидалары жеткізіліп, кәсіби этиканы сақтау маңыздылығы атап өтілді.
Департамент өкілдері әр сарапшының адалдығы мен объективті көзқарасы мемлекеттік аттестаттау сапасына тікелей әсер ететінін және сапалы білім беруді қамтамасыз етудің басты кепілі екенін ерекше атап өтті.
📍 Білім сапасын арттыру – баршамыздың ортақ парызымыз!