Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

№119 жалпы орта білім беретін мектепте Астана қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

🔹 Кеңеске қаладағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қатысты.

🔹 Күн тәртібінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын жетілдіру, сондай-ақ білім саласындағы заңнамалық талаптардың орындалуы бойынша маңызды мәселелер қаралды.

🎤 Отырыста Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бекимова Кенжегүл Тукеновна, сондай-ақ бөлім басшылары Мергенбекова Айдана Манасқызы мен Культуманова Айнур Тулегеновна баяндама жасады. 📌 Педагогикалық әдепті сақтау - сапалы білім мен сенімді орта қалыптастырудың кепілі.