Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Білім туралы» заңдарына сәйкес, меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін мемлекеттік лицензия алған сәттен бастап жүзеге асыруға міндетті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті – лицензиялау жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.
Бүгінгі күні Астана қаласында білім беру қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиясы жоқ, өздерін білім беру мекемесі ретінде көрсететін, белсенді түрде қабылдау науқанын жүргізіп отырған 10 ұйым анықталды:
Мемлекеттік лицензия тек біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана беріледі. Басты талаптар:
Ата-аналарды өз балалары үшін оқу орнын таңдағанда сақ болуға шақырамыз. Білім алу тек тиісті рұқсаты бар ұйымдарда ғана мүмкін екенін ескертеміз.
Білім ұйымының білім қызметіне берілетін мемлекеттік лицензиясын бар екенің www.elicense.kz порталында көруге болады.
Егер қандай да бір бұзушылық фактілеріне тап болсаңыздар немесе ақпараттарыңыз болса, Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жедел желісіне хабарласуларыңызды сұраймыз:
📞 Жедел желі нөмірі: +7 (7172) 516985.
Департамент басшысы: Бекимова Кенжегул Тукеновна, +7 771 7170071.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласыныңың білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті