Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың «Үздік мектеп - 2025» марапатын Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК-на Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Кульбай Абылайхан Айдарұлы табыстады.
Биылғы оқу жылында 129 түлек оқуды аяқтады. Соның ішінде 1 оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 5 оқушы үздік аттестатқа үміткер.
Алдағы уақытта да еліміздің зияткер, дарынды, отаншыл ұрпағын тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріңіз жаңа жетістіктер мен биік белестерге жеткізе берсін. Ұжымға шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-қуат, әріптестік бірлік пен толағай табыс тілейміз!
Сәт-сапар, жас түлек!