Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттікпен бекітілген «қадамдық жоспар» орындау шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды уақытылы өңдеуге және кері байланыс орнату мақсатында kenes.1414.kz/apps/ сервисінен арнайы пайдаланушының тіркеулік жазбасы ашылды.
Осыған байланысты, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында Telegramm мобильді қосымшасының «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша ресми «EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылды.
Аталған платформада қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстарды білдіру тетіктері қарастырылған.