2023-2024 оқу жылының ГАШ нәтижелері

2023-2024 оқу жылының ГАШ нәтижелері

2023-2024 оқу жылында облыстың 226 мектебінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде 4 және 9 сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізілді.

ГАШ қорытындысы бойынша 6 мектеп оқушылары шекті деңгейден өте алмады. 4-сынып оқушыларын тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл 30-дан 18,01 баллды, 9 – сыныптарда 60-тан 30,76 баллды құрады.

Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың 19-тармағына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін компьютерлік тестілеу кезінде бағалау шкаласы (пайыздық қатынаста) былайша айқындалады:

"өте жақсы" - 85-100 %;

"жақсы" - 65-84 %;

"қанағаттанарлық" - 40-64 %;

"қанағаттанарлықсыз" – емтихан материалындағы сұрақтар санынан дұрыс жауаптардың 40% - дан азы.