Лицензиялау талаптарына сәйкестікті анықтау жұмысы
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан 2026 жылғы қыркүйек айында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК, «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» МКҚК лицензияға қосымша беру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарды білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.Ш.Абильмаженов, бас мамандар К.Б.Қожахметов, Ш.М.Кадирова жүргізді.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – білім беру қызметінің белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету, білім алушыларға көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және біліктілік талаптардың сақталуын бақылау.
Тексеру барысында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, кадрлық қамтамасыз етілуі, оқу процесін ұйымдастыру жағдайлары және біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттары зерделенді.
В ходе проверки были изучены материально-техническая база образовательных организаций, кадровое обеспечение, условия организации учебного процесса, а также документы, подтверждающие соответствие квалификационным требованиям.