Түсіндіру жұмысы

Түсіндіру жұмысы

Түсіндіру жұмысы

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Кабдрахманова және білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы С.Темиргалина білім беру ұйымдарының өкілдеріне мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын басшылыққа ала отырып, 2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес білім беру ұйымдарының қызметіне бағалау жүргізілді.

Аттестаттау барысында білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау материалдары зерделеніп, білім беру қызметінің негізгі бағыттары мен зерттеу объектілері белгіленген өлшемшарттарға сәйкес талданды. Сонымен қатар көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі қарастырылды.

Өзін-өзі бағалау материалдары білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған ақпараттармен салыстырылып, ұйымдар қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік аттестаттаудың негізгі талаптары, бағалау өлшемшарттары және білім беру ұйымдары ұсынатын өзін-өзі бағалау материалдарына қойылатын талаптар түсіндірілді.