Мемлекеттік аттестаттау өткізілді
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан «Азденбаев Ж.Т.» ЖК бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілді.
Аттестаттау барысында бөбекжайдың қызметіне қатысты қажетті құжаттар қолданыстағы мемлекеттік талаптарға сәйкес зерделеніп, білім беру және тәрбие үдерісін ұйымдастыру бағыттары қарастырылды.
Тексеру барысында құжаттардың жүргізілуі мен белгіленген талаптарға сәйкестігіне назар аударылып, жұмыс барысын жетілдіруге бағытталған тиісті ұсыныстар берілді.