Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 21–24 шілде аралығында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.Ш. Әбілмәженов және бас мамандар Е.М. Жантаев пен К.Б. Қожахметов Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласындағы «Ақмола облысы білім басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-де, Ақкөл ауданында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Барап» балалар спорт-сауықтыру орталығы» ШЖҚ МКК-де, Біржан сал ауданындағы «Детский образовательно-оздоровительный центр «Lingvocamp» жеке кәсіпкерлігінде, Бурабай ауданындағы «Эдельвейс 2030» ЖШС мен «Балдырған-2014» ЖШС-де кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметі бойынша лицензия және лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында алдын ала бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау барысында ұйымдардың материалдық-техникалық базасы, кадрлық қамтамасыз етілуі, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, қауіпсіздік шараларының орындалуы, сондай-ақ білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі зерделенді.