Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан «IQanat High School of Burabay» білім беру ұйымына барып, біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында алдын ала бақылау жұмыстары жүргізілді.

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан «IQanat High School of Burabay» білім беру ұйымына барып, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметі бойынша лицензия және лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында алдын ала бақылау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс барысында ұйымның материалдық-техникалық базасы, кадрлық қамтамасыз етілуі, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, қауіпсіздік шараларының орындалуы, сондай-ақ білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі зерделенді.

Аталған іс-шаралар лицензиялау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарының қызмет сапасын арттыруға және балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып, демалуына жағдай жасауға бағытталған.