ҚР Оқу – ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев 2025 жылғы 25 тамыз күні облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлерімен онлайн түрінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында әр өңірдегі департаменттерінің алдына қойылған міндеттеріне тоқталды. Білім беру ұйымдарының 2025-2026 оқу жылына дайындығы, білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, білім алушылардың білім сапасын арттыру, білім ұйымдарында академиялық адалдықты орнату, педагогтердің жетіспеушілігі бойынша мәселелер, ҚР «Педагог мәртебесі» Заңының орындалуы, қауіпсіздік жағдайылар т.б. сұрақтар бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу, бақылауды күшейту жайлы айтып өтті.