Ақмола облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 тамыздағы онлайн тәртібінде отырысы өтті. Отырыста білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, ҚР Үкіметі қаулыларының жобалары атты мәселелер қаралды.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндама жасады.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде білім сапасын одан әрі арттыру, орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбиелеу саласын жетілдіру және дамыту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Облыстық әкімдікте онлайн түрінде өткен отырысқа Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов қатысты.