Премьер -Министрдің орынбасары Е.Б.Көшербаевтың төрағалығымен кеңеске қатысу

Премьер -Министрдің орынбасары Е.Б.Көшербаевтың төрағалығымен кеңеске қатысу

2025 жылғы 28 шілдеде Премьер-Министрдің орынбасары Е.Б.Көшербаевтың төрағалығымен балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Премьер - Министрдің орынбасары Е.Б.Көшербаев барлық мемлекеттік органдарға балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінің шешімі  бойынша «Жол картасы» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Аталған кеңеске Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов қатысты.