Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін құттықтады.
Білім беру жүйесін дамытуға бағытталған бастамаларды жан-жақты ақпараттандырудағы азаматтық белсендік танытқаны үшін, ұстаздардың ерен еңбегін насихаттап жүрген баспасөз өкілдеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Қоғам мүддесіне қызмет өтудегі жауапты еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалана берсін!